Меню KDT
+7(7172) 504 656 32ml@edu.kz
logo.png?_=1769597200

Новости

Қазақстан Республикасының VI жасөспірімдер спорт ойындары

1769869976575954.png

Астана қаласы №32 мектеп-гимназиясы оқушыларының Қазақстан Республикасының VI жасөспірімдер спорт ойындарындағы баскетбол бойынша жетістігі туралы мақала!

2025 жылдың 3 сәуірінде Щучинск қаласындағы «Жақсын - 2» спорттық базасында Қазақстан Республикасының баскетболдан IV жасөспірімдер спорт ойындары өз мәресіне жетті.
Аталған жарысқа Қазақстанның түрлі қалаларынан 140 спортшы қатысты. Солардың қатарында Астана қаласындағы №32 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушылары — Барабаш Иван Витальевич, Даулетбеков Тамерлан Жанарбекович, Арбин Тимур Ренатович бар.
Бұл оқушылар 4-сыныптан бері баскетболмен айналысып келеді. Олардың жаттықтырушысы — Орманшин Жантай Амиржанович.
Аталған оқушылар Астана қаласы мен тұтас Республика бойынша үздік баскетболшылардың қатарында. Олар өз шеберліктерін Астана қаласының баскетбол чемпионатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының баскетбол чемпионатында бірнеше мәрте дәлелдеген.
Қазақстан Республикасының баскетболдан IV жасөспірімдер спорт ойындарының қорытындысы бойынша Барабаш Иван Витальевич, Даулетбеков Тамерлан Жанарбекович, Арбин Тимур Ренатович баскетболдан спорт шебері атанды.
Аталған жетістіктер — №32 мектеп-гимназиясының бүкіл ұстаздар ұжымы үшін, әсіресе «Баскетбол» секциясының жаттықтырушылары үшін үлкен мақтаныш пен жетістік.
Оқушылар жеткен бұл табыс – ұзақ уақыт бойы еткен еңбектің нәтижесі. Күнделікті еңбек қана үлкен жетістіктерге жеткізеді. Біздің балаларымыз тек елімізде ғана емес, халықаралық ареналарда да топ жаратынына кәміл сенеміз!

https://www.instagram.com/p/DIgzBnMMIIt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3

ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17

EMAIL:
32ml@edu.kz