Меню KDT
+7(7172) 504 656 32ml@edu.kz
logo.png?_=1769597200

Новости

«Jas Leader Akademiiasy» жобасының үздік нәтижесі

1769868247310441.jpeg

«Jas Leader Akademiiasy» жобасының үздік нәтижесі

Астана қаласындағы №32 мектеп-гимназиясында 2024-2025 оқу жылында «Болат Өтемұратов Қоры» жекеменшік қорының «Jas Leader Akademiiasy» жобасы жүзеге асырылды.
Жоба аясында 5-11 сынып оқушыларының көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар мектеп бойынша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Касмакасова Т.Р., информатика пәнінің мұғалімі Калменова Ж.А. тарапынан ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты:
- Жастардың көшбасшылық, жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту;
- Қоғамға пайдалы, белсенді азаматтарды тәрбиелеу;
- Оқушыларды қоғамдық өмірге, жобалық жұмысқа тарту.
Жыл бойы жүргізілген жоба жұмысының нәтижесі ретінде мектеп командасы шілде айында Алматы қаласында өткізілген форумға оқушылар командасымен қатысып, «Үздік мектеп» номинациясы бойынша Алғыс хатпен марапатталып, 1 млн теңге ұтып алды. Құттықтаймыз!!!

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3

ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17

EMAIL:
32ml@edu.kz